Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    4 қыркүйекте еліміздің көп бөлігінде жауын жауып, үсік жүруі мүмкін

    жаңбыр
    Қолшатыр ұстаған адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Ертең, 4 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ел өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. 4–6 қыркүйек аралығында облыстың солтүстігінде жоғары, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Түнде Алматы облысының тау бөктерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында аздап жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15–20 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

    Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Өскеменде 4 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

    Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15–18 м/с. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, ал облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады деп болжанады.

    Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыста төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

    Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 4 қыркүйекте күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.

    Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 4 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда 4 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

    4 қыркүйекте еліміздің көп бөлігінде жауын жауып, үсік жүруі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram