Атырау облысындағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы қалай
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы, сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық орталықтан шықты. Бұл туралы kazinform.
Ақбаян Мұқанғалиева мен кісі өлтіргені үшін сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің төрт баласы Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Балалар орталық қабырғасында білім алуда. Бір жарым жасар кенже ұлы сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр.
Агенттіктің мәліметінше, Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шығып, балаларымен кездескен.
Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Гиниятова Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен алғаш рет өткен аптада кездескенін мәлімдеді.
Екінші кездесу 1 қыркүйекте өтті.
"Ол балалардың заңды өкілі ретінде келді. Оның ата-ана құқығынан айырылмағаны белгілі. Жалпы, балалармен кездесу әр жұма сайын сағат 17:00-ден 19:00-ге дейінгі кесте бойынша ұйымдастырылады. Ол бұл тәртіпті алғашында білмеген.
Ол 27 тамызда келді. Кейіннен балаларды Білім күнімен құттықтауға келгенін айтып, олармен 1 қыркүйекте кездесті", - деді Гиниятова.
Орталық директоры балалардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы екенін хабарлады. Сәбилерді орталыққа орналастыру туралы шешімде олардың мұнда қанша уақыт болатыны көрсетілмеген.
Мұқанғалиеваның туыстары ол балаларын танитынын атап өтті. Дегенмен ол емделуін алдағы уақытта да жалғастырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2422799-atyrau-oblysyndagy-bir-otbasynyng-olimi-aqbaian-muqangalievanyng-qazirgi-zhagdaiy-qalai/
