Ауруханалардағы педиатриялық учаскелер жұмысы тоқтай ма: министрлік жауап берді
Жарияланған күні:

Денсаулық сақтау министрлігі қажетті мамандар болған жағдайда емханаларда дербес педиатриялық учаскелердің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтауды жоспарлап отыр. Бұл балаларға тіркелген жері бойынша медициналық алғашқы көмекті тікелей педиатр дәрігерден алуды жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік дерегінше, ұсынылып отырған өзгерістер педиатриялық қызметті күшейтуге бағытталған және жалпы практика дәрігерлерінен бас тартуды көздемейді. Медициналық ұйымдар кадрлық қамтамасыз етілуін және халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, балаларға медициналық көмек көрсетудің барынша қолайлы моделін айқындай алады.
"Министрлік педиатр дәрігерлерді даярлау көлемін ұлғайтып жатыр. 2026 жылы 123 маман даярланды, ал 2027 жылы тағы 91 дәрігерді даярлау жоспарлануда. Бұдан бөлек 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде "Педиатрия" мамандығы бойынша 113 грант қарастырылған.
Мамандар санының артуы балалар емханаларының кадрлық әлеуетін біртіндеп нығайтуға және педиатриялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Педиатриялық учаскелерді дамыту – балаларға көрсетілетін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. 2025 жылғы маусымнан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда педиатриялық бөлімшелер де құрылуда. Соңғы бір жылда осындай 366 бөлімше ашылды", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2422767-auruhanalardagy-pediatriialyq-uchaskeler-zhumysy-toqtai-ma-ministrlik-zhauap-berdi/
