2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар қанша күн демалады
Жарияланған күні:

2026 жылдың қыркүйек айында ел азаматтары үшін қосымша демалыс күндері қарастырылмаған. Ай ішінде мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, елдегі қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты қыркүйектегі жұмыс пен демалыс күндері әдеттегі кестеге сай бөлінеді:
Бес күндік жұмыс аптасы: Азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 8 күн демалады (4 сенбі және 4 жексенбі);
Алты күндік жұмыс аптасы: Жұмысшылар 26 күн еңбек етіп, 4 күн демалады (тек жексенбі күндері).
Айта кетейік, қыркүйекте мереке күндерінің болмауына байланысты демалыстарды ұзарту немесе басқа күндерге ауыстыру жоспарланбаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2422137-2026-zhyldyng-qyrkuieginde-qazaqstandyqtar-qansha-kun-demalady/
