Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Риддерде аюлар жүргені рас па: қалаға жедел әрекет ету тобы жіберілді

    Аю ізі
    Аю ізі. Фото: instagram.com/rezerv_yknewskz

    Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұрғындар аю ізін байқаған. Қала билігі жыртқыштарды іздеу үшін жедел әрекет ету тобы жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары қала ішінде аю ізін байқап, мұны noks_oskemen Instagram парақшасына жариялады.

    "ГЭС артындағы саяжай аумағындағы жолдан аюдың ізі байқалды", - делінген жазбада.

    ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, азаматтардың өтініші бойынша 25 тамыздан бастап Риддер қаласында орман және аң шаруашылығының жедел әрекет ету тобының екі экипажы жұмыс істеп жатыр.

    "Елді мекендерге жақындап келе жатқан аюларға қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

    Бұл бағытта арнайы құралдар: дрондар, тепловизорлар және арнайы көліктер қолданылуда. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Бұл шаралар күздің соңына дейін жалғасады. Тұрғындармен сөйлесіп, аюлар туралы ақпарат жинап жатырмыз. Сол ақпарат бойынша тиісті аумақтарда жұмыс істейміз", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Риддерде аюлар жүргені рас па: қалаға жедел әрекет ету тобы жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram