Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Журналистерге кулуарда сұрақ қоюға тыйым салынды: Құрылтай түсініктемесі

    Журналистер камерамен.
    Журналистер камерамен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков бір палаталы парламент ғимаратында БАҚ-пен жұмыстың жаңа форматына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Болат Кальянбеков Facebook парақшасында жазба жариялады. Ол соңғы күндері Құрылтай ғимаратындағы БАҚ жұмысының жаңа форматына қатысты әр түрлі пікірлер айтылып жатқанын атап өтті.

    Осы орайда Кальянбеков негізгі өзгерістердің мәнін тағы бір мәрте түсіндіріп өтті: енді журналистердің депутаттармен және шақырылған Үкімет мүшелерімен барлық коммуникациясы тек баспасөз орталығында және Құрылтайдың күн тәртібі аясында өтетін болады.

    Бұл қалай жүзеге асырылады

    Брифингтер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Баспасөз қызметі брифингке қатысушылар мен оның тақырыбын алдын ала хабарлайды. Осы орайда Кальянбеков баспасөз орталығында БАҚ өкілдерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын алға тартты: wi-fi, ыңғайлы жұмыс орындары бар, ілеспе аударма жасалады.

    "Мақсатымыз – Құрылтайда қаралатын заң жобаларының мәнін қоғамға барынша түсінікті әрі толық жеткізу, әрбір құқықтық жаңашылдықтың маңызын ашып көрсету және қабылданатын шешімдердің азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру", - деп жазды ол.

    Кальянбековтің айтуынша, егер журналистердің депутаттарға Құрылтай күн тәртібіне қатысы жоқ сұрақтары болса, олар Құрылтайдың немесе саяси партиялардың баспасөз қызметтеріне жүгіне алады. Баспасөз қызметі депутатпен жедел түрде сұхбат ұйымдастыруға көмектеседі.

    "БАҚ өкілдері бұл мүмкіндікті қазірдің өзінде пайдаланып үлгерді және баспасөз қызметі тарапынан оларға қажетті барлық қолдау көрсетілді. Құрылтайда ұсынылып отырған жаңашылдықтар Қазақстан заңнамасына және БАҚ-ты аккредиттеудің үлгілік қағидаларына толық сәйкес келеді. Жоғарыда аталған тәсілдер бекітілетін жаңа аккредиттеу қағидалары Құрылтай Бюросында қабылданады. Сонымен қатар, Құрылтай ғимараты күзетілетін нысан екенін атап өткен жөн, ғимаратта баршаға міндетті өткізу және нысанішілік режим талаптары қолданылады", - деп қосты Кальянбеков.

    Болат Кальянбеков ұсынылып отырған тәсіл қалыптасқан әлемдік тәжірибеге толық сәйкес келетінін сөз етті.

    "Біз халықаралық тәжірибені де зерделегенімізді, ұсынылып отырған тәсіл қалыптасқан әлемдік тәжірибеге толық сәйкес келетінін айта кету керек. Әлемнің жетекші парламенттерінде БАҚ өкілдерінің депутаттармен өзара іс-әрекеті, әсіресе сұхбат алу, телевизиялық тікелей қосылымдар мен түсірілімдер жүргізу арнайы белгіленген алаңдарда ұйымдастырылады. Бұл журналистерге кәсіби жұмыс істеу үшін қажетті жағдай жасап, Құрылтай депутаттарымен коммуникацияны жүйелі әрі ұйымдасқан сипатқа көшіруге мүмкіндік береді", - деп жазды Кальянбеков.

    Журналистерге кулуарда сұрақ қоюға тыйым салынды: Құрылтай түсініктемесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram