Шымкентте екі кішкентай бала жоғалып кеткен: оларды полиция қызметкерлері түнде көшеден тапты
Жарияланған күні:

Шымкентте түнде екі кішкентай бала жоғалып кеткен. Оларды полицейлер байқап қалып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мілңметінше, Шымкент қаласында түнгі кезекшілік кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқаған.
Тәртіп сақшылары балаларды патрульдік көлікке отырғызып, "102" арнасы арқылы олардың ата-аналары іздеп жатқанын анықтаған.
Көп ұзамай балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер аман-есен үйіне жеткізілді.
Балаларының аман табылғанына қуанған ата-аналар полицейлерге алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмаудың және олардың қауіпсіздігіне әрдайым жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді.
Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға балалардың қайда жүргеніне назар аударуды ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2421819-shymkentte-eki-kishkentai-bala-zhogalyp-ketken-olardy-politsiia-qyzmetkerleri-tunde-kosheden-tapty/
