2 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады: синоптиктер ескерту жасады
Жарияланған күні:

Ертең, 2 қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болмақ. Синоптиктер ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с болады. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с болады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Өскемен қаласында шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Семей қаласында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2421504-2-qyrkuiekte-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-eskertu-zhasady/
