3 жасар Ахмедиярдың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады
Жарияланған күні:

Алматылық бүлдіршіннің анасы қазақстандықтардан көмек сұрады. Үш жарым жастағы Ахмедиярға өте сирек кездесетін дерт – Дюшенн бұлшықет дистрофиясы диагнозы қойылған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Бұлшықеттерін біртіндеп әлсіретіп, қозғалу қабілетінен айыратын аталған ауру уақыт өте келе адам өміріне де қауіп келтіреді. Дерттің емі тек АҚШ-та немесе Біріккен Араб Әмірліктерінде бар. Алайда құны бір жарым миллиард теңге шамасында. Сондықтан бүлдіршіннің анасы көмек сұрауға мәжбүр.
Кішкентай болса да, өмірге құштар Ахмедияр өздігінен жүруге де талпынады. Бірақ санаулы секундтан кейін аяғы бағынбай кетеді. Керекті қаржы жиналса, бірден Дубайға аттануды жоспарлап отыр. Балаға қол ұшын созу үшін ерекше концерт пен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Онда спорттық сайыстар мен жәрмеңке де ұйымдастырылды.
"Креатин фосфокиназа деген анализ мың есе жоғары боп келді. АЛТ, АСТ, ЛДГ деген. Сол күні үйден қараймын, интернеттен іздеймін, ChatGPT-ге жазып, осындай анализдеріміз жоғары боп тұр деп. Сол кезде маған Дюшена деп береді. Өлімге әкелетін диагноз, өте сирек, бес мың баланың ішінде бір балада ғана кездесетін өте сирек ауыр диагноз деп береді. Құтқара алатын бір ғана ем бар, оның құны – 1 жарым миллиард қаражатты құрайды. Сондықтан сіздерді қол үшін созып, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз", - дейді Ахмедиярдың анасы Фариза Мәулен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2421087-3-zhasar-ahmediiardyng-anasy-qazaqstandyqtardan-komek-surady/
