"Қымыз ішкен": Астанада жүргізуші бас бостандығынан айырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада мас күйде көлік тізгіндеген ер адам бір жылға сотталды. Ол сотта бір күн бұрын көп мөлшерде қымыз ішкенін алға тартты, деп хабарлайды прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, елордада Ақмола облысының тұрғынына қатысты үкім шықты. Ер адам бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде қайтадан рөлге отырған.
"Сотта ол бір күн бұрын ұлттық сусын – қымызды көп мөлшерде ішкенін түсіндірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық айғақты ұсынды", - деп атап өтті прокурорлар.
Сотталушы кінәсін мойындағаны және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екені ескерілді. Оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2420880-qymyz-ishken-astanada-zhurgizushi-bas-bostandygynan-aiyryldy/
