Алматыда шаңды дауыл тұрды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты шаңды дауыл тұрды. Алматылықтар табиғи құбылыстың кадрларын желіде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алматыда бүгін қатты жел тұрды. Ол шаңды көтеріп, көріну деңгейін нашарлатты. Синоптиктер бұған дейін қалада жаңбыр жауады деп болжаған болатын.
Тұрғындар мен жүргізушілерге қатты жел мен шаңға байланысты жолда абай болу ұсынылды", - делінген almaty_bez_filtrov атты Threads парақшасында.
Жазбамен қоса шаңнан айнала сұр болған қаланың кадрлары жарияланды.
Сонымен қатар қала тұрғындары шаң қаладағы қазылған көшелерден көтерілгенін атап өтті.
"Алматыда қазір ауа райына не болып жатыр, бұл шаңды дауыл ма? Терезеден қарап таңғалдым", "Бұл тамыздағы екінші дауыл. Аллергиясы бар адамдар қазір қатты қиналуда", "Шынымен де, далаға шығып, қайта кіріп кеттім", "Тауда да, қалада да тыныс алу мүмкін емес", - деп жазды қолданушылар.
Айта кетейік, синоптиктер бүгін, 31 тамызда Алматыда күн ашық болады деп хабарлаған еді. Ауа температурасы орта есеппен +23 градусты құрайды. Күндіз ауа +34 градусқа дейін жылынатыны, ал желдің жылдамдығы 7,5 м/с болатыны болжанған еді.
1 қыркүйекте аздап жаңбыр жауады деп күтілуде. Температура шамамен +19 градус болады. Ең жоғары температура +25 градус, ал ең төменгі температура +12 градус болады. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с-қа дейін жетеді.
Посмотреть в Threads
Посмотреть в Threads
Посмотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2420866-almatyda-shangdy-dauyl-turdy-video/
