Алматыда Сайран көлінің маңындағы көшелердің бірі ішінара жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы тұрғындары мен қонақтарына Өтеген батыр көшесіндегі жол учаскесінің уақытша жабылатыны туралы ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы AlmatyJoly-ға сілтеме жасап хабарлады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"31 тамыз сағат 22:00-ден 1 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2420738-almatyda-sairan-kolining-mangyndagy-koshelerding-biri-ishinara-zhabylady/
