KAZ Minerals Bozshakol компаниясының қолдауымен Павлодар облысында жаңа мектеп ашылды

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    Павлодар облысының Атығай ауылында 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұрын ауыл балалары спорт пен акт залы жоқ, балабақшаның бейімделген ғимаратында білім алған еді. Жаңа мектептің құрылысына KAZ Minerals Bozshakol компаниясы мұрындық болып, шамамен 1,5 млрд теңге инвестиция салған. Толығырақ NUR.KZ материалында.

    Атығай ауылының оқушылары 1990 жылдан бері тозығы жеткен бейімделген ғимаратта білім алып келді. Ата-аналар заманауи жаңа мектеп салу мәселесін жылдар бойы көтеріп келген еді. Сұранысқа сай, 2025 жылы KAZ Minerals Bozshakol компаниясы демеушілік жасап, ауылда су жаңа білім ошағы бой көтерді.

    "Қызым төртінші сыныпта оқиды. Ол бастауышқа барғанда ескі ғимараттың табалдырығын аттаған еді. Бұрынғы мен қазіргі мектептің айырмашылығы жер мен көктей. Қуанышымда шек жоқ. Ауылымызға осындай мектеп салып береді деп мүлдем күтпеп едік. Балаларымыздың заманауи, жайлы ортада білім алатынына шексіз қуаныштымыз. Елдің үніне құлақ асып, өтінішімізді аяқасты қалдырмағанына дән ризамыз. Облыс әкіміне де, KAZ Minerals компаниясына да алғыс айтамыз. Құрылысты өте сапалы әрі тез аяқтап берді", - дейді куанышын жасыра алмаған Атығай ауылының тұрғыны Бешхан Жанат.

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    120 балаға арналған екі қабатты ғимаратта сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Мұнда химия, биология, физика, информатика және лингафонды-мультимедиалық кабинеттер заманауи құралдармен қамтылған. Сондай-ақ интерактивті панельдермен жабдықталған сыныптар, кең асхана және ашық спорт алаңдары бар.

    "Мектепте оқу-тәрбие процесіне қажеттінің бәрі қарастырылған. Оқу кабинеттері заманауи талаптарға толық жауап береді. Бұдан бөлек, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін күрес залы, хореография кабинеті, мергендік шыңдайтын тир және ашық спорт алаңдары бар. Ал кешкі уақытта мектептің спорт алаңдарына ауыл жастары да келіп, футбол, баскетбол, волейбол ойнай алады", - дейді Атығай орта мектебінің директоры Айдос Зайнышев.

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    Жаңа мектептің бой көтергеніне тек оқушылар емес, бүкіл ауыл халқы қуанып жатыр. Сәулеті келіскен заманауи ғимарат бұдан бұлай тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылданатын және мәдени шараларын өткізетін құтты орнына айналмақ. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, оқушылар мен ата-аналар білім ордасын өз көздерімен көріп, қуанышқа ортақтасу үшін көптеп жиналды.

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    "KAZ Minerals Bozshakol үшін өңірдегі маңызды жобаларға демеу болудың орны бөлек. Бөлген қаржымыздың білім мен денсаулық сақтау саласы сияқты халыққа ең қажетті істерге жұмсалғанын қалаймыз. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Нақты осы мектептің құрылысына компания тарапынан 1,5 миллиард теңге инвестиция салынды. Балалар – еліміздің ертеңі, сондықтан бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін өте маңызды болды", - деді KAZ Minerals Bozshakol ЖШС директоры Джонатан Рао.

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    1 қыркүйектен бастап жаңа білім ошағында 1-11 сынып аралығындағы 120 бала оқиды. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепте 30 ұстаз еңбек етеді. Бұдан бөлек, мұнда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған шағын орталық та жұмыс істейді.

    "Атығайдағы жаңа мектеп – балаларымыздың тең мүмкіндікке ие болуы жолындағы маңызды қадам. Бұл жерде оқудан бөлек, спортпен, шығармашылықпен айналысып, жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалған. Бұл – жай ғана ғимарат емес. Бұл – ауыл балаларының болашағына салынған инвестиция. Жаңа білім ошағы ел үмітін ақтайтын білімді, дарынды жастарды тәрбиелейтін құтты мекенге айналарына сенімдімін", - деді Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов.

    Школу на 120 мест открыли в селе Атыгай
    Фото: NUR.KZ

    Айта кету керек, жаңа мектептің салынуы Атығай ауылындағы балабақша кезегін де азайтуға мүмкіндік береді. Оқушылар бұған дейін оқып келген ғимарат толық жөндеуден өтіп, балабақша болып қайта ашылады. Ауыл тұрғындары мұндай оң өзгерістер елді мекеннің дамуына жаңа серпін беретінін айтып жатыр.

    KAZ Minerals Bozshakol компаниясының қолдауымен Павлодар облысында жаңа мектеп ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram