Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Әр баланың ерікті таңдауы": министрлік 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

    гүл
    Гүл. Иллюстрациялық фото: Pexels

    Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылының басталуына орай мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс.

    Ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек", - деп мәлімдеді министрлік.

    Ведомство білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс екенін еске салды.

    "Біздің мақсатымыз мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Ақпарова жаңа оқу жылының басталуына орай мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты сұраққа жауап берген еді.

    "Әр баланың ерікті таңдауы": министрлік 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram