Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

    конференция
    Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу және жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау мақсатында Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында 7 млрд теңгеге 360 орындық инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы биыл басталып, 2027 жылы пайдалануға беріледі.

    Бұл туралы облыс әкімі Мұрат Ергешбаев білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында айтты.

    облыс әкімі
    Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Бұған дейін мұндай орталық "Сыр жұлдыздары" деген атпен қаланың басқа шағын ауданында ашылып, жеткіншектердің бос уақытын өткізетін қосымша білім беру ұйымына айналған болатын. Енді Қызылорданың тағы бір шағын ауданында бой көтермек.

    Мемлекет басшысының, үкіметтің ерекше қолдауымен өңірде білім беру инфрақұрылымы жаңғыруда. 2022 жылдан бері 121 млрд теңгеден астам қаржыға 46 заманауи білім беру нысаны салынып, ел игілігіне табысталды.

    конференция
    Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Аймақта көп жылдан бері өзекті болған үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді. Биыл "AI-Kerim" балалар білім беру-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Орталық жыл сайын 8 400 баланы қамтып, робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалау және басқа да заманауи дағдыларды үйретуде.

    конференция
    Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңадан ашылған Ботаникалық білім беру орталығында оқушылар биология, экология және ботаника бағыттарын тәжірибе жүзінде меңгеруде. Балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруда осындай жобалардың маңызы ерекше.

    Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram