18+
Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды СҚО ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамызда Петропавл қаласындағы Тәуфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылған.
"Әзірге қайтыс болған адамның жеке басы анықталған жоқ", - деп мәлімдеді СҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2419944-petropavlda-kariz-qudygynyng-zhanynan-aielding-maiiti-tabyldy/
