Тоқаев 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу ұсынысын қолдады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
"Осы орайда, үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр.
Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын.
Бірақ тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлауымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.
Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды.
Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет", - дейді Тоқаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2419788-toqaev-16-zhasqa-deiingi-balalarga-aleumettik-zhelini-qoldanuga-tyiym-salu-usynysyn-qoldady/
