Астана тұрғындары мен қонақтарына LRT станцияларының біріндегі өзгерістер туралы ескертілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Әуежай" LRT станциясының көшедегі кіреберісі шамамен 20-25 күнге жабылады, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ .
Астана әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT "Әуежай" станциясының сыртқы кіреберісі уақытша жабылады.
"CTS компаниясының құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты әуежай аумағында орналасқан LRT "Әуежай" станциясының сыртқы кіреберісі шамамен 20-25 күнге уақытша жабылады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Астана халықаралық әуежайының 2-терминалын LRT станциясымен байланыстыратын жабық өткел ашық болады.
Әуежай сапарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2419571-astana-turgyndary-men-qonaqtaryna-lrt-stantsiialarynyng-birindegi-ozgerister-turaly-eskertildi/
