Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті
Жарияланған күні:

Белгілі тележурналист, Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық телеарнасы.
Телеарна мәліметіне сүйенсек, Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы оның алғашқы хабары эфирге шықты.
"Хабар" агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2419554-belgili-telezhurnalist-tileuqabyl-myngzhasar-dunieden-otti/
