Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарқаралы тауларында адасқан екі жігітті құтқарушылар, полицейлер және табиғи парк қызметкерлері іздеді

    адасқандар
    Тауда адасқандарды іздеу жұмыстары. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Өткен түнде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы тауда екі жас жігіт адасып кеткен. Таулы аумақты шолу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

    Өткен түнде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тауда адасып кеткен 2008 және 2007 жылы туған екі жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

    Олар Комсомол тауының шыңынан төмен түсу кезінде адасып, өз бетінше жол таба алмаған. Таулы аумақты шолу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданған.

    Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері жұмылдырылды.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары адасып кеткен азаматтарды Жиренсақал таулы аймағынан тапты. Құтқарылғандар қауіпсіз жерге жеткізілді.

    Медициналық көмек қажет болған жоқ.

    Қарқаралы тауларында адасқан екі жігітті құтқарушылар, полицейлер және табиғи парк қызметкерлері іздеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram