Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда "Болашақ" стипендиясын кімдер иеленгені белгілі болды

    студент
    Студент. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа стипендия иегерлерінің қатарында 179 магистрант, 12 докторант және бакалавриатта білім алатын бір стипендиат бар. Сонымен бірге 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

    "Бізге шетелдік университеттердің жай ғана түлектері емес, Қазақстанның технологиялық және экономикалық дамуына үлес қоса алатын білікті кадрлар қажет.

    Барлық стипендия иегерін құттықтаймын! Оқуларыңызға сәттілік, жарқын жаңалықтар, мықты кәсіби байланыстар тілеймін. Ең бастысы — жаңа білім мен идеяларды ел игілігіне жарату үшін Қазақстанға аман-есен оралыңыздар", - деп жазды Саясат Нұрбек.

    Толық тізімді мына сілтеме арқылы қарауға болады.

    Қазақстанда "Болашақ" стипендиясын кімдер иеленгені белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram