Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев еліміздің мектептерінде жөндеу жұмыстарына мұғалімдерді тартуға қатысты пікір білдірді

    жөндеу
    Жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pexels.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына тартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Конференцияда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек екенін айтты.

    "Білім беру базасын жаңғырту қолға алынды. Яғни бүкіл мемлекеттік сервис пен қызмет біріктіріледі. Мұғалімдер уақыт алатын шаруадан арылады.

    Әсіресе соңғысы өте маңызды. Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек.

    Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды.

    Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы қажет", - деді ол.

    Тоқаев еліміздің мектептерінде жөндеу жұмыстарына мұғалімдерді тартуға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram