Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Түркістан облысындағы ахуалға назар аудару керек": Тоқаев аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты мәселе көтерді

    Талапкер
    Талапкер. Иллюстрациялық фото: Alvaro Ballesteros/Europa Press via Getty Images

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жою қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Осы тұста Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы нәтижелеріне тоқталғым келеді. Мәселен, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының түлектері жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал Түркістан, Ұлытау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы жағдай жақсы деп айту қиын.

    Әсіресе, тиісті министрлік пен әкімдік Түркістан облысындағы ахуалға назар аударуы керек. PISA ұйымының зерттеуі де Түркістан облысындағы білім сапасының мәз емес екенін көрсетті.

    Бұл – аймақтың оқу-ағарту жүйесінде олқылықтар әлі бар деген сөз", - деді президент Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында.

    Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы жағдайды дағдарыс деп те айтуға болмайтынын жеткізді.

    "Мәселе мынада: облыста білім алып жатқан оқушылардың 75 пайызға жуығы ауылда тұрады. Олардың жан-жақты және қарқынды дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Қажетті инфрақұрылым салып, шалғай елді мекендерге мықты мамандарды тартқан жөн.

    Бұл – үкіметтің және әкімдіктердің алдында тұрған жедел міндет, жұмысты жоспарлы түрде тездетіп атқарып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажет.

    Жалпы, төмен нәтиже көрсеткен барлық аймақтың әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек. Үкіметке осы жұмысты тиімді үйлестіруді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

    "Түркістан облысындағы ахуалға назар аудару керек": Тоқаев аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты мәселе көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram