Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Мұғалімдер шағымданып отыр": Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізуге қатысты министрлікке тапсырма берді

    мұғалім
    Мұғалім. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруды тапсырды. Бұл туралы ол Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ️"Өздеріңізге мәлім, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету үшін "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы құрылды. Бірақ бүгінде бұл ұйымның жұмысы мардымсыз деуге болады.

    Мәселен, маған ұстаздардан аттестация ережесін қайта қарау туралы көптеген өтініш келіп түсті. Мұғалімдер артық жүктеменің және қағазбастылықтың көп екенін айтып, шағымданып отыр.

    Осыған орай, мен педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру, жетілдіру жөнінде нақты тапсырма бердім", - деді мемлекет басшысы.

    Президенттің айтуынша, бұл жерде бағалаудан мүлде бас тарту немесе оны күрделендіру туралы сөз болып отырған жоқ.

    "Білімді әділ бағалау – білім беру жүйесінің өзегі. Бізге мейлінше түсінікті әрі ашық жүйе керек. Бұл – өте маңызды мәселе, оны қарастырған кезде жоғары жауапкершілік пен мінсіз кәсібилік таныту қажет. Тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, көп ұзамай нақты ұсыныстар беруге тиіс.

    Біліктілікті көтеру бағдарламаларына жаңа Конституция құндылықтарын, сондай-ақ, "Заң мен тәртіп", "Адал азамат", "Таза Қазақстан" идеяларын енгізген жөн, бұл қызметтік міндет деп айтуға болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Мұғалімдер шағымданып отыр": Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізуге қатысты министрлікке тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram