Павлодар МХЗ-да бензин сапасы тексерілді: АИ‑95 және АИ‑98 талапқа сай келе ме
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) түскен шағымдардан кейін бензин сапасы тексерілді. Кәсіпорын ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"ПМХЗ" ЖШС ақпаратына сәйкес, автомобиль бензинінің арбитражды сынамасының нәтижелері алынған.
"2026 жылғы 25 тамызда Павлодар мұнай-химия зауытының автомобиль бензинінің арбитражды сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында талданды (SGS еншілес компаниясы, оның 115 елде бөлімшелері бар, штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан, Швейцария).
Зертханада арбитражды сынамалардың МЕМСТ 32513 сапасына сәйкестігі расталды.
Осылайша, Павлодар мұнай-химия зауыты шығаратын АИ‑95 және АИ‑98 бензин маркалары Кеден одағы техникалық регламентінің КО ТР 013/2011 және МЕМСТ 32513-2013 талаптарына сай келеді. Яғни, зауыт жөнелткен бензин партияларының сапасы расталып отыр", - деп мәлімдеді кәсіпорын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар МХЗ-дағы бензин сапасына қатысты шағымдар түскені белгілі болған еді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов зерттеу үшін сынамалар алынып жатқанын мәлімдеген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418582-pavlodar-mhz-da-benzin-sapasy-tekserildi-ai-95-zhane-ai-98-talapqa-sai-kele-me/
