36 градусқа дейін ыстық: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
Жарияланған күні:

26 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с.
Астанада да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,6 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2418219-36-gradusqa-deiin-ystyq-qazaqstan-megapolisterinde-bugin-kun-raiy-qandai-bolady/
