Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Төле би көшесін ұзарту: Алматыда көшенің бір бөлігі түнгі уақытта жабылады

    Жол жөндеу
    Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

    "26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі жол бөлігі жабылады.

    Жұмыс тек түнгі уақытта жүргізіледі. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Төле би көшесін ұзарту: Алматыда көшенің бір бөлігі түнгі уақытта жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram