18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

    БАӘ туы
    БАӘ туы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    СІМ-нің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза болғанын хабарлады. Министрлік марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

    "Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде.

    БАӘ-нің құзыретті органдары оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта қосымша ақпарат жария етілмейді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

    СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста екенін және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлім етті.

    Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram