Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыты отынның 70 пайызын Ресейге экспорттайды: министрлік мән-жайды түсіндірді

    Мұнай өңдеу зауыты
    Мұнай өңдеу зауыты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздің батысындағы шағын мұнай өңдеу зауыты ресейлік мұнайды өңдейтінін мәлімдеді. Ол өндірілген отынның 70 пайызы Ресейге жөнелтілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметте өткен брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейдегі отын тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстанның батысындағы "Конденсат" шағын мұнай өңдеу зауыты ресейлік мұнайды өңдеп, отынның 70 пайызын Ресейге жеткізеді.

    "Зауыт Ресейге жақын орналасқан. Зауытты Қазақстанның немесе Ресейдің құбыр жүйесімен байланыстыратын құбырлар жоқ. Мұнайды тасымалдау теміржол көлігі арқылы жүзеге асырылады. Жаңылмасам, компанияның 50 пайызы ресейлік компанияға тиесілі", - деді ол.

    Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан зауытты ресейлік мұнаймен қамтамасыз ету туралы ресми хат алды. Мен бұған ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Өндірілген бензин мен дизель отынының 30 пайызы Қазақстанда қалады, қалғаны Ресейге шығарылады (ред.ескертуі - 70 пайызы). Ешқандай санкциялық тәуекелдер жоқ, себебі бұл компания санкциялық тізімде жоқ", - деді министр.

    Зауыт қашан және қандай көлемде отын өндіре бастайтынын министр нақты айтпады. Оның сөзінше, бәрі теміржол көлігінің өткізу қабілетіне байланысты болады.

    "Бүгінде сұранысқа ие мұнай өнімдерінің 30 пайызы Қазақстанда қалатыны туралы келісім бар. Бұл бензин мен дизель отынына қатысты. Қалғаны Ресейге жөнелтіледі. Бұл – қалыпты шарт. Біз үшін мұның қандай пайдасы бар?

    Бұл – елімізге тартылатын қосымша инвестиция және жұмыс орындарын сақтап қалу. Бұған дейін "Конденсат" АҚ иесінің шамамен 100 млн доллар көлемінде қарызы болған еді. Жаңа иесі келіп, бұл қарыздарды іс жүзінде жауып тастады. Бұл экономикамыз үшін тиімді. Энергетика вице-министрі ретінде мен үшін маңыздысы – жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіру, ішкі нарықты қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтап қалу", - деп түйіндеді Ақкенженов.

    Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыты отынның 70 пайызын Ресейге экспорттайды: министрлік мән-жайды түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram