Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Биыл қыс ерте түсетін сияқты ма?": Алматы маңындағы тауларда тамыз айында қар жауды (видео)

    Алматы облысындағы Ақкөл жайлауы
    Алматы облысындағы Ақкөл жайлауы. Кадр видеодан: threads.com/@nomad_sky.kz

    Синоптиктер болжамы дәл келіп, еліміздің кей өңірлерінде расымен де қар жауды. Қазақстандық Алматы облысындағы тауларда жауған қарды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 25-27 тамыз аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялаған. Болжам бойынша кей өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны айтылды. Сондай-ақ кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және желдің күшеюі мүмкін екені ескертілді.

    Threads желісінің Nomad_sky.kz нигімен тіркелген қолданушысы таулы аймақта жауған қардың видеосын желіге жүктеген. Оның айтуынша, оқиға Алматы облысы Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында болған. Кадрлардан тау шыңдарын қалың қар мен тұман басқанын көруге болады.

    "Райымбек ауданы Ақкөл жайлауының тауларында жапалақтап қар жауды. Биыл қыс ерте түсетін сияқты ма, қалай өзі?", - деп жазды ол.

    Посмотреть в Threads

    "Биыл қыс ерте түсетін сияқты ма?": Алматы маңындағы тауларда тамыз айында қар жауды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram