Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    14 тамызда бірнеше өңірде жарық сөнді: премьер-министр энергетика министрінен тексеріс нәтижесін сұрады

    бектенов
    Олжас Бектенов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов энергетика министрінен 14 тамызда Алматыда электр энергиясының өшіп қалуына қатысты тексеріс нәтижесін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "14 тамызда болған жағдайға қатысты тексеріс не көрсетті және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?" - деп сұрады Олжас Бектенов.

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов министрлік жаңа генерациялау нысандарын, оның ішінде Алматы қаласында ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті және Түркістан облысында қуаттылығы 1 мың МВт болатын жаңа ПМУ-ді іске қосу аяқталып жатқанын баяндады.

    "Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, министрлік жаңа генерация нысандарын іске қосуды аяқтап жатыр. Олардың қатарында Алматы қаласындағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 және Түркістан облысындағы қуаты 1000 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысы бар. Сондай-ақ электр желісі шаруашылығы күшейтілуде. Оңтүстік энергия жүйесінің сенімділігін арттыру үшін Шу-Жамбыл-Шымкент 500 киловольттық желісі салынып жатыр", - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

    Бектенов бұл "стратегиялық маңызы бар бағыт" екенін айтты. Сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет.

    14 тамызда бірнеше өңірде жарық сөнді: премьер-министр энергетика министрінен тексеріс нәтижесін сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram