Қазақстанда электр самокат жүргізушілеріне қатысты жаңа ережелер күшіне енді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 25 тамызда, электр самокат тебушілерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енді. Енді оларға тротуармен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр самокат жүргізудің жаңа ережелері күшіне енген еді. Онда жүргізушінің жасы, жүргізуші куәлігінің болуы және сақтандыру бойынша талаптар енгізілді.
Алайда сол кезде Ішкі істер министрлігі электр самокат жүргізушілеріне қатысты тағы бір қатаң шараны жариялаған еді. 25 тамыздан бастап оларға тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолағымен жүруге тыйым салынды.
Бұрын тротуармен 6 км/сағат шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етілетін. Енді электр самокатпен тек велосипед жолдары немесе велосипед жолақтарымен ғана жүруге болады. Егер ондай жолақ болмаса, жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүру қажет.
Жаңа ережелер күшіне енгенге дейін Алматы қалалық полиция департаменті ескерту жасады. Жолдың жүріс бөлігімен тек 18 жастан асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш дулығасы бар адамдар ғана жүре алады.
Сонымен қатар қараңғы мезгілде жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану міндетті. Жолаушылар мен жүк тасымалдауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде көліктен түсу қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2417762-qazaqstanda-elektr-samokat-zhurgizushilerine-qatysty-zhanga-erezheler-kushine-endi/
