Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада бүгіннен бастап Шоқан Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, онда жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана әкімдігінің Telegram-дағы арнасы тұрғындар мен қала қонақтарын жол жөндеу жұмыстары туралы ескертті. Шоқан Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Сәкен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде жолдың беткі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 25-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады", - деп атап өтті елорда әкімдігі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2417703-astanadagy-koshelerding-birinde-kolik-qozgalysy-ishinara-shekteledi/
