Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімі белгілі болды
Жарияланған күні:

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство хабарлауынша, білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2417499-magistratura-boiynsha-memlekettik-bilim-granty-iegerlerining-esimi-belgili-boldy/
