Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр, бұршақ күтіледі

    жаңбырлы күн
    Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Future Publishing/Getty Images

    Синоптиктер 25-27 тамызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсер етуіне байланысты күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

    Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Елдің шығыс және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 26-27 тамызда түнгі уақытта жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға ұласуы ықтимал.

    Атмосфералық қысымы жоғары өрістің ықпалында болатын Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы күтіледі.

    "Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы сақталады. Жаздың соңғы күндері негізінен жылы болады: солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 °С, орталық және оңтүстік өңірлерде +25…+35 °С, шығыста +16…+24 °С-тан +20…+31 °С-қа дейін жоғарылайды", - деді синопиктер.

    Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр, бұршақ күтіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram