Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарқаралы тауларында саңырауқұлақ теруге шыққан екі адам адасып кетті

    адасып кеткен адамдар
    Адасып кеткен адамдар. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Қарағанды облысының екі тұрғыны саңырауқұлақ теруге шығып, жолдан адасты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар оларды Комиссаровка шатқалынан 10 шақырым жерден тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағының Комиссаровка шатқалы маңында 1967 және 1963 жылы туған екі адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Олар бүгін күндіз саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен.

    Іздестіру тобы демалушыларды Комиссаровка шатқалынан 10 шақырым жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

    "ТЖМ орманға барған кезде әрқашан өзіңізбен бірге қуатталған телефон, навигатор немесе компас алып жүріңіз, туыстарыңызға маршрут пен қайтатын уақыты туралы хабарлаңыз", - делінген хабарламада.

    Қарқаралы тауларында саңырауқұлақ теруге шыққан екі адам адасып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram