Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлдар мен қыздар саны тең: Құрылтай сайлауы күні Алматыда қанша сәби дүниеге келді

    нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    23 тамызда Алматы перзентханаларында 60 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап. Тәуліктің алғашқы 19 сағатында туған ұлдар мен қыздардың саны тең болды.

    Бүгін, 23 тамызда, Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен күні Алматының медициналық ұйымдарында 60 сәби дүниеге келді.

    Сағат 00:00-ден 19:00-ге дейінгі мәлімет бойынша 30 қыз бен 30 ұл өмірге келген.

    Бұл күні Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты перзентханалар мен басқа да медициналық ұйымдардың пациенттері мен қызметкерлері де азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс берді.

    "23 тамыз көптеген отбасы үшін айрықша күнге айналды. Бұл күн олардың жадында ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен ғана емес, сәбилерінің дүниеге келуімен де есте қалмақ.

    Жаңа туған сәбилерге зор денсаулық, ал ата-аналарына бақ-береке, амандық және перзенттерімен бірге өткізген әр күннің қуанышын сезінуді тілейміз", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Еске сала кетейік, бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтті. Учаскелер сағат 07:00-де ашылды.

    Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру көрсеткіші 53% болды. Ал сағат на 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру көрсеткіші – 74,19%.

    Айта кетейік, Астанада Құрылтай сайлауы кезінде 25 сәби дүниеге келді.

    Ұлдар мен қыздар саны тең: Құрылтай сайлауы күні Алматыда қанша сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram