Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

    нәресте
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елорда перзентханаларында бірнеше отбасы дүниеге келген сәбиін қарсы алып, қуанышты сәтті бастан өткерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Елордадағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, бұл күні 25 сәби дүниеге келді.

    "Дүниеге келген сәбилердің 14-і — ұл, 11-і — қыз. Әрбір отбасы үшін баланың дүниеге келуі — ең маңызды әрі көптен күткен сәттердің бірі. Бұл күн 25 елордалық отбасы үшін ерекше күнге айналды", - делінген хабарламада.

    Елордадағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

    Астанада ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Елордада жүктілік және босану кезеңіндегі әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

    Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram