Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

    Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді
    Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Бұған дейін жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреп, ел рекордын орнатқан Ерсейіт Бралин сайлау күні жаңа күштік перформанс көрсетті. Бұл жолы спортшы сайлау учаскесінің алдында КамАЗ жүк көлігін сүйреп өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордшы көпшілік алдында өзінің күшін тағы бір мәрте паш етті. Өнер көрсетілімінен кейін Ерсейіт Бралин сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

    Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді
    Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Сайлау күніндегі ерекше бастамалар мұнымен аяқталған жоқ. Рекордшы өз қолымен арматураны майыстырып, одан сайлау күніне орай "23" санын жасады. Осылайша күштік перформанс дауыс беру күнімен үндескен символдық мазмұнға ие болды.

    Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram