Ұлытаулық саяхатшы Ulytaumen дауыс берді

    Ulytaumen дауыс берді
    Ulytaumen дауыс берді. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Жезқазған қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау аясындағы дауыс беру жалғасып жатыр. Таңғы сағат 10:00-де қаладағы №28 сайлау учаскесіне Ұлытау өңіріне танымал ақсақал, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

    Өмірінің жетпістен асқан шағында ұзақ сапарларға шығып, Қазақстанды және бірнеше шет мемлекетті жаяу аралаған Сәрсенбай ақсақал үшін бұл күннің мәні ерекше.

    Ulytaumen дауыс берді
    Ulytaumen дауыс берді. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Саяхатшы 2022 жылы Қазақстанның 17 өңірін жаяу аралап, 8 мың шақырымға жуық жол жүріп өткен. Бұл жетістігі отандық КИнЭС рекордтар кітабына енгізілді. Кейін ол халықаралық жорықтарын жалғастырып, бірнеше мемлекет аумағын жаяу еңсерді.

    Ulytaumen дауыс берді
    Ulytaumen дауыс берді. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Ал биылғы жылы Сәрсенбай Қотырашов 53 күн ішінде Сербия, Венгрия, Аустрия, Германия және Франция арқылы шамамен 3 мың шақырым жол жүріп, Парижге жетті. Оның табандылығы мен белсенді өмір салты көптеген қазақстандыққа үлгі болып отыр.

    Саяхатшының айтуынша, елді жаяу аралау оған Қазақстанның әр өңіріндегі халықтың тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен ел азаматтарының арман-мақсатын жақыннан тануға мүмкіндік берген.

    Ulytaumen дауыс берді
    Ulytaumen дауыс берді. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    "Елдің болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты. Сондықтан дауыс беру – жай ғана міндет емес, ел алдындағы азаматтық жауапкершілік", – деді Сәрсенбай ақсақал.

    Ол дауыс беру учаскесіне келген азаматтарға ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен берекесін, жастардың болашағы жарқын болуын тіледі.

    Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашовқа 2026 жылы Қазақстанның туризм саласына қосқан үлесі мен белсенді өмір салтын насихаттағаны үшін «Құрметті спорт қызметкері» атағы табысталды.

    Қазіргі уақытта №28 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жалғасып жатыр. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Ұлытаулық саяхатшы Ulytaumen дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram