Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ел тұрғындарына жалған ақпарат пен арандатушылыққа байланысты ескерту жасалды

    Компьютер алдында отырған ер адам
    Компьютер алдында отырған ер адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ықтимал манипуляциялар мен арандатушылықтарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталықтың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Тыныштық күні және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін.

    "Мұндай ақпараттық араңдатулар сайлау күндері әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде тіркеледі. Олардың мақсаты – дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру және азаматтардың ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысты жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату.

    Мұндай жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотосуреттер мен  бейнематериалдар, басқа елдерге қатысты материалдар (мысалы, сайлау бюллетеньдерді жаппай жәшікке салу көріністері), түсірген уақыты мен орны көрсетілмеген бейнежазбалардың үзінділері, сондай-ақ анонимді аккаунттардан жарияланған ақпараттар пайдаланылады", - деп мәлімдеді орталық.

    Орталық өкілдері заманауи технологиялар монтаж және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, осындай контентті жасауға және таратуға мүмкіндік беретінін айтты. Олардың қатарында қоғамға танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі, дауысы пайдаланылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар да бар.

    "Құрметті қазақстандықтар! Ақпарат алу кезінде ресми дереккөздерге сүйеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріңіздер. Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Сіздердің ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді", - деп үндеу жасады орталық.

    Ел тұрғындарына жалған ақпарат пен арандатушылыққа байланысты ескерту жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram