Қызылордада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

    Мерейлі отбасы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Қызылордадағы "Құзыреттілік орталығында" "Мерейлі отбасы – 2026" ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

    Аймақ басшысы отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

    "Баршаңызды отбасы құндылығын ұлықтап, шаңырақтың шырайын, ұрпақ тәрбиесінің өнегесін дәріптейтін "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысымен шын жүректен құттықтаймын!

    Жыл сайын әр аймақтан өнегелі отбасылар байқауға белсене қатысып, құрметке ие болып келеді. Биыл қала, аудандардан 220 отбасы қатысып, 16 отбасы үздік деп танылды. Осындай үлгілі әулеттер ұрпақ сабақтастығын сақтап, құндылықтарды насихаттауға негіз қалайды.

    "Мерейлі отбасы" жүлдегерлерін марапаттау
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Халықтық Конституциямызда отбасы мен ұрпақ тәрбиесінің қоғам өміріндегі орны айқын көрініс тапқан. Сондықтан отбасының мәртебесін көтеру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – баршамызға ортақ міндет.

    Шаңырақтың беріктігін сақтап, сыйластық пен мейірімділікті өмірінің өзегіне айналдырған барша отбасыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, амандық пен бақ-береке тілеймін!" - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

    "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы Құтмамбетовтер отбасы болып (Арал ауданы), бас жүлдені иеленді.

    "Мерейлі отбасы" жүлдегерлері
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Шиелілік Бәкіровтер отбасына І орын, қазалылық Досхожаевтар отбасына ІІ орын, қызылордалық Бимұратовтар отбасына ІІІ орын берілді.

    "Мерейлі отбасы" жүлдегерлері
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Жеңімпаздар сыйлықтар және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.

    Қызылордада "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram