18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді

    Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот
    Сот отырысынан кадр: youtube.com/@ҚР Жоғарғы соты

    Астанада 24 тамызға жоспарланған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы техникалық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылған.

    "Бұған дейін отырыс 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған болатын.

    Келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен орны туралы қосымша хабарланады", - деп мәлім етті соттан.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлап, адамдар зардап шеккен еді.

    Кейін оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері де жарақат алғаны белгілі болды. Ол зардап шеккен ер адамды үйінді астынан шығарып алмақ болған кезде, басына 9-қабаттан кондиционер құлаған.

    Өкінішке қарай, 18 қарашада фельдшер көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

    18 тамызда марқұм фельдшердің өліміне қатысты іс бойынша сот процесі басталды.

    Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram