Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал
Жарияланған күні:
Читать на русском
22 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с-қа жетеді.
Астанада көшпелі бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз – 5-10 м/с.
Шымкентте де бүгін аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Күндіз термометр бағанасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416350-bugin-qazaqstannyng-eki-megapolisinde-zhangbyr-zhauyp-naizagai-oinauy-yqtimal/
