Магистратура гранттарының нәтижесі қашан жарияланады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға арналған грант конкурсының нәтижесі қашан жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өткен.
"Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.
Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары".
Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416126-magistratura-granttarynyng-natizhesi-qashan-zhariialanady/
