Атырауда бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушы жауапкершілікке тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырауда көлік полицейлері бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушыны анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайда, яғни қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген алты азаматты анықтаған.
Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шыққан.
Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416110-atyrauda-bet-zhuzin-tumshalagan-6-zholaushy-zhauapkershilikke-tartyldy/
