18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Аляскада ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты (видео)

    Апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы
    Апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы. Видеодан кадр: x.com/@Globupdate

    Аляскадағы шалғай орналасқан радар маңында Cessna 441 чартерлік ұшағы апатқа ұшырап, борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарнаның мәліметінше, ұшақ Анкориджден ұшып, Кейп-Ньюэнхемге бағыт алған. АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасының мәліметінше, әуе кемесі бейсенбі күні сағат 12:15 шамасында апатқа ұшыраған.

    Бортта екі ұшқыш пен алты жолаушы болған. Ұшақ Security Aviation компаниясы үшін чартерлік рейс орындаған.

    "Іздеу-құтқару қызметінің топтары тірі қалғандар жоқ екенін растады", - деп хабарлады Аляска қолбасшылығы.

    Ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі Кейп-Ньюэнхем әуеайлағының маңында құлаған. Бұл нысан шалғайдағы радиолокациялық станцияға қатынауды қамтамасыз етеді.

    Қаза тапқандардың арасында АҚШ әскерінің Инженерлік корпусының екі қызметкері болған. Ведомство апатқа ұшыраған ұшақтың өздерінің чартерлік рейстерінің бірін орындағанын растады.

    Апаттың себебі әзірге белгісіз. Тергеуді Азаматтық авиация федералдық басқарманың қатысуымен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес жүргізеді.

    Аляскада ұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram