Аптап ыстықты жаңбыр алмастырады: Қазақстанда демалыс күндері күн райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстанның батысына антициклон жотасы әсер етеді. Сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі.
Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін жетіп, қатты ыстық болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2416002-aptap-ystyqty-zhangbyr-men-naizagai-almastyrady-qazaqstanda-demalys-kunderi-kun-raiy-qandai-bolady/
