Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жол құрылысы мен оңалту орталығын салу үшін бірнеше жер учаскесі мемлекет иелігіне өтеді

    жер учаскесі
    Жер учаскесі. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматыда жол мен оңалту орталығын салу үшін бес жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынады. Барлық жер уческесі Алатау ауданында орналасқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қала әкімінің тиісті қаулыcы "Вечерний Алматы" газетінде жарияланды.

    150 орындық оңалту орталығын салу үшін үш жер учаскесін 2027 жылдың соңына дейін мәжбүрлеп иеліктен шығару жоспарланып отыр. Олар Алатау ауданындағы Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай және Фариза Оңғарсынова көшесінен шығысқа қарай орналасқан.

    Сонымен қатар Алатау ауданының Боралдай шағын ауданында тағы екі учаске тәркіленеді. Ол жерде жол салу көзделген. Сатып алу мерзімі де 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленді.

    "Жер учаскелерінің меншік иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу қамтамасыз етілсін. Меншік иелері жүгінетін орын: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 606-кабинет", - делінген қаулыда.

    Алматыда жол құрылысы мен оңалту орталығын салу үшін бірнеше жер учаскесі мемлекет иелігіне өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram