Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тіркеуі жоқ қазақстандықтар бір күнге уақытша тіркеле алады

    Ноутбук алдында отырған адам
    Ноутбук алдында отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтар бір күнге уақытша тіркеле алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы арнасында тіркеуі жоқ азаматтарға үндеу жарияланды.

    Онда 23 тамызда, яғни Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша тіркеуге тұра алатыны айтылған.

    "Бұл қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мамандары жұмыс істейтін 221 сайлау учаскесінде қолжетімді болады. ХҚКО қызметкерлері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді және келесі күні автоматты түрде жойылады", - делінген хабарламада.

    Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар болса, сол мекенжай бойынша сайлау учаскесінде дауыс береді.

    Тіркеуі жоқ қазақстандықтар бір күнге уақытша тіркеле алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram